Астана әкімдігі мессенджерлерде тараған 22–24 сәуір күндері көшелерді жабу кестесі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды CMN.KZ
Қала билігінің мәліметінше, нақты күндер, уақыт және көшелер тізімі көрсетілген хабарламалар шындыққа жанаспайды.
«Көшелерді жабудың егжей-тегжейлі кестесі туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нақты уақыт аралықтары мен көшелер тізімі көрсетілген мәтін – жалған», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері бұған дейін тек кейбір учаскелерде қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін екені айтылғанын еске салды.
«Күндерге, уақытқа және көшелерге бөлініп берілген хабарлама ресми емес және шындыққа сәйкес келмейді», – деп нақтылады әкімдікте.
Қала тұрғындарына тек ресми дереккөздерге сеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпауға кеңес берілді.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз