Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру аясында мерзімді әскери қызметке 21 мыңнан астам адамды жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, шақырылушылардың:
- 11 мыңнан астамы Қарулы күштер қатарына жіберіледі;
- қалғандары басқа әскери құрылымдарға бөлінеді.
«Осы көктемгі шақыруда біз 21 мыңнан астам адамды әскерге алуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 11 мыңнан астамы Қарулы күштерге, қалғаны – басқа әскерлерге жіберіледі», – деді ол.
Сонымен қатар ведомство әскерден жалтарып жүргендердің нақты санын айта алмай отыр.
«Көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады: біреулерге денсаулығына, оқуына немесе отбасылық жағдайына байланысты кейінге қалдыру беріледі, кейбірі хабарламадан кейін келеді, ал кейбіріне қайта шақырту жіберіледі», – деп түсіндірді Мұстабеков.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз