Қазақстанда мұнай өндіру көлемі айтарлықтай азайғанымен, экономика өсімі сақталып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында:
- мұнай өндіру 19,8%-ға төмендеді;
- газ өндіру 15,1%-ға азайды;
- тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 11,4%-ға қысқарды.
Министр бұл құлдыраудың бірнеше себебін атады. Атап айтқанда:
- геосаяси жағдай;
- дрон шабуылдары қаупі;
- Каспий теңізіндегі қолайсыз ауа райы;
- экспорт пен өндіріске қойылған шектеулер.
Соған қарамастан, оның айтуынша, ел экономикасы өсімін жалғастырып жатыр.
«Мұнай секторындағы төмендеу енді бүкіл экономиканың тоқтауын білдірмейді. Шикізаттық емес салалар сыртқы қысымды өтеп, өсімді сақтап отыр», – деді Ақкенженов.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің мәліметінше, елдің жалпы ішкі өніміндегі мұнай секторының үлесі айтарлықтай азайған.
Егер 2010 жылы бұл көрсеткіш 16,5% болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін төмендеген.
Оның сөзінше, 2026 жылы экономикалық өсім мұнай саласының оң үлесінсіз-ақ жалғасуы мүмкін.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз