Қазақстанда кейбір шетелдіктер үшін кіру мен виза алу жеңілдетілді

Строители и земледельцы: более 14 тысяч иностранцев работают в Казахстане
Фото: pixabay.com

Қазақстанда кейбір шетел азаматтары үшін елге кіру және виза алу тәртібі жеңілдетілді, деп хабарлайды CMN.KZ

Ең алдымен бұл өзгерістер инвесторлар мен бизнес өкілдеріне, сондай-ақ сұранысқа ие мамандық иелеріне қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген және инвестициялық режимдер аясында бірқатар артықшылықтар қарастырылған.

«Атап айтқанда, инвесторлар мен кәсіпкерлер арнайы визалық режимдерді, өтінімдерді жедел қарау рәсімдерін және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін пайдалана алады», – делінген хабарламада.

Жеңілдетілген шарттар Қазақстанға жұмыс істеу үшін келетін шетелдіктерге де қолданылады. Бұл – сұранысқа ие мамандық иелері немесе экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысатын азаматтар (мемлекеттік органдардың өтініші болған жағдайда).

Сұранысқа ие мамандар тізімінде ІТ саласына ерекше назар аударылған. Олардың қатарында:

  • жасанды интеллект инженерлері;
  • ақпараттық жүйелер сәулетшілері;
  • қосымша әзірлеушілер;
  • ақпараттық қауіпсіздік инженерлері бар.

Сонымен қатар сұраныс мына салаларда да жоғары:

  • денсаулық сақтау (нейрохирург, гематолог, онколог, сәулелік диагностика дәрігері);
  • креатив индустрия (графикалық дизайнер, дыбыс режиссері, графикалық анимация технигі);
  • жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салалары.

2026 жылдың басынан бері сұранысқа ие мамандықтар бойынша шетелдік жұмысшыларға 5,1 мың рұқсат, ал еңбек мигранттарына шамамен 75 мың рұқсат берілген.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска