Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды CMN.KZ
Синоптиктердің болжамынша, елдің көп бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы сақталады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбыр қарға айналады. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Батыс аймақтарда осы кезең бойы нөсер жаңбыр жауып, бұршақ пен қатты жел күтіледі. 16 сәуірде жауын-шашын күшейіп, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады. Ал 15–16 сәуір күндері солтүстік пен орталықта да жауын-шашын күшейеді. Шығыс өңірлерде 14 сәуірге қараған түні жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр.
Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін ескертеді.
Ауа температурасы төмендей бастайды:
- батыста түнде +2…+10, күндіз +10…+15 градус;
- солтүстікте түнде -2…-8, күндіз 0…+7 градус;
- оңтүстікте түнде +3…+13, күндіз +8…+18 градус.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз