FlyArystan әуе компаниясы Ақтаудан Батумиге тікелей рейстерді іске қоспақ, деп хабарлайды CMN.KZ
Рейстер 6 маусымда басталып, 29 тамызға дейін жалғасады. Бір бағыттағы билет құны 41 мың теңгеден басталады.
Әуе компаниясының мәліметінше, ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады:
- Ақтаудан ұшу – 09:05
- Батумиге келу – 09:55
- Қайтар рейс – 10:55
- Ақтауға келу – 13:40
Барлық уақыт жергілікті уақыт бойынша көрсетілген.
Компания өкілдері Грузия бағытының сұранысқа ие екенін атап өтті. Бұл теңіздегі демалыс, гастрономия және дамыған инфрақұрылыммен байланысты.
Қазіргі таңда FlyArystan Қазақстанның бірнеше қаласынан Кутаисиге жыл бойы рейстер орындайды.
Бұған дейін әуе компаниясы Астанадан Батумиге рейстер ашылатынын да хабарлаған. Олар 2 маусымда басталады: бастапқыда аптасына екі рет, ал 25 маусымнан бастап үшінші рейс – бейсенбі күні қосылады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз