Алматыда белгісіз ер адамдардың ағаштарды тамырымен қазып алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды CMN.KZ
Threads қолданушысының айтуынша, олар бес ағашты қазып алған. Оның төртеуі сау, біреуі ғана қураған болған.
Куәгердің сөзінше, жұмыстар ешқандай түсіндірмесіз жүргізілген. Ағаштарды кім және қандай негізде қазып алғаны әзірге белгісіз.
Егер бұл әрекеттер рұқсатсыз жасалғаны анықталса, орындаушылар жасыл желекті заңсыз жою үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазақстанда мұндай құқықбұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылған, ал ірі залал келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілік те көзделген.
Редакция бұл жағдайға қатысты әкімдік пен полиция департаментінен түсініктеме сұратты.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз