Автобуста кішкентай қыздарды қорғап қалған студенттің оқиғасы жалғасуда, деп хабарлайды CMN.KZ
Tengrinews мәліметінше, 13 наурыз күні студент Олжас автобуста ер адамның екі қызға тиісіп жатқанын байқайды.
Ол қыздарды қорғап, араша түскен. Алайда нәтижесінде өзі құқық бұзған адамға қарағанда үлкенірек айыппұл алған – бейәдеп сөз айтқаны үшін 60 550 теңге, ал қыздарға тиісіп жатқан ер адам 17 250 теңге айыппұлмен шектелген.
Бұл жолы студенттің әрекетін сенатор да назардан тыс қалдырмады.
Парламент депутаты Лукбек Шабданович оның әрекетін жоғары бағалап, мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегінің үлгісі екенін айтты. Қолдау белгісі ретінде студентке iPhone телефонын сыйға тартты.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз