25 сәуір күні Астанадағы Пушкин көшесінде екі жүк көлігімен қатысуымен апат болды. Соқтығысқаннан кейін бірден көліктер жарылып жүргізушілердің бірі кабинада өртеніп кетті, деп хабарлайды CMN.KZ
Алдын ала мәліметі бойынша, Mercedes жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Sinotruk көлігімен соқтығысқан.
Астана ТЖД баспасөз қызметі оның денесі өртті сөндіргеннен кейін табылғанын айтты. Қазір мамандар қаза тақанның жеке басын анықтауға тырысуда.
«Бұл жерге жедел жәрдем бригадасы келді. Жүк көліктерінің бірінде ер адамның денесі табылды. Алынған термиялық күйіктерге байланысты ер адамның ұлты мен жасын анықтау мүмкін емес», – деді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол көліктен секіріп, өртке дейін кабинадан шығып үлгерді.
«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның мән – жайы анықталуда», – деп толықтырды полиция.
Бұған дейін Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары ЖКО-да қаза тапты. Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, полиция полковнигі Бекжан Құсаинов 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады.