Алматыда 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады

пешеходный переход
Фото: акимат Алматы

Алматыда 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылмақ, деп хабарлайды CMN.KZ

Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыстардың негізгі бөлігі түнгі уақытта жүргізіледі. Жалпы қала бойынша жаңа жол таңбаларының көлемі кемінде 300 мың шаршы метрді құрайды.

Бұл шара жаяу жүргінші өткелдерінің көрінуін жақсартып, жол-көлік оқиғаларының тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қалада бойлық жол таңбаларын салу жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.

«Бұл таңбалар көлік ағындарын дұрыс бөлуге, қозғалысты реттеуге және жолдардың өткізу қабілетін арттыруға маңызды рөл атқарады», – деп хабарлады жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын ұйымдастыру басқармасы.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска