Алматыда зоопарктегі оқиғадан кейін ер адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Polisia.kz мәліметінше, бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған.
Кадрларда жас жігіттің арыстан қоршауына қарай тасқа ұқсас зат лақтырғаны көрінеді. Полиция бұл әрекет қоғамдық тәртіпті және зоопарк аумағындағы мінез-құлық ережелерін бұзғанын мәлімдеді.
Құқық бұзушы анықталып, түсіндіру жұмыстары үшін полицияға жеткізілген. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Істі қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматты кінәлі деп танып, жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады полиция.
Сот қандай жаза тағайындағаны нақтыланбады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз