Алматы облысында 3 келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған

полиция
МВД РК

Алматы облысында қауіпті химиялық зат – сынапты сатпақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ

Полиция мәліметінше, 28 жастағы Түркістан облысының тұрғыны 3 келіден астам сынапты 100 млн теңгеге сатуға әрекеттенген.

Мәмілені ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дер кезінде тоқтатты.

Оқиға орнынан ішінде 3 келіден астам сынап бар шыны колба тәркіленген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Полиция сынаптың аса улы химиялық элемент екенін ескертті. Оның булары адам ағзасына қауіпті әсер етіп, ауыр улануға, жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ол қоршаған ортада жиналып, ұзақ мерзімді зиян келтіреді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска