Алматы облысында ауылшаруашылық мақсаттағы 99 гектар жер заңсыз пайдаланылған. Егін егуге, мал жайылымына деп бөлінген бұл жерді пайдакүнемдер кен өндіруге қолданып келген, деп хабарлайды CMN.KZ.
Іле ауданындағы заңсыздықтарды Жер ресурстарын басқару департаменті анықтады. Тексеру барысында жер иеленушілер жерді ауылшаруашылық мақсатқа пайдаланбай, керісінше пайдалы қазбаларды өндіруге көшкені белгілі болды.
«Жер иеленуші өзіне тиесілі жерді заң талабына сай пайдаланбай, ауылшаруашылық мақсаттан ауытқып, пайдалы қазбаларды заңсыз игерген. Тексеру нәтижесінде компанияға әкімшілік айыппұл салынды және заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», — деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қатаң тексерулер мен заң талабынан кейін компания жерді өз еркімен мемлекетке қайтарды. Бұл әрекет жерді заңсыз игерудің тоқтатылуына және мемлекет қорына қайтарылуына сеп болды.
Осыған дейін Шымкентте де сот арқылы құны 70 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылған болатын. Онда фабрика салып, микрофибра өнімдерін өндіру жоспарланған еді. Алайда, 10 жылдан астам уақыт өтсе де, құрылыс басталмай, жер бос жатқан.
2 комментария
Hello, I want to subscribe for this webpage to obtain latest updates, therefore where can i do
it please assist.
Hello there, just became aware of your blog
through Google, and found that it is really informative.
I’m going to watch out for brussels. I will be grateful if you continue this in future.
A lot of people will be benefited from your writing. Cheers!