Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға ресми сапармен келген Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының басшысы Александр Чеферин UEFA мен Қазақстанның серіктестігін кеңейтуді талқылады, деп хабарлайды CMN.KZ
Тоқаев UEFA -ның елімізге көрсеткен қолдауы мен назарын жоғары бағалады.
«Қазақстанда бір миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 %», – деп атап өтті мемлекетіміздің басшысы.
Ол отандық футболда тұрақты нарықтық бизнес-модель қалыптастырудың және клубтық менеджментті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған білім беру және алмасу бағдарламаларын іске асыруда UEFA -ға қолдау көрсетті.
Александр Чеферин Қазақстанмен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Ол УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің отын-энергетикалық кешеніндегі жағдай туралы энергетика Министрлігінің басшысы Еран Аккенженов айтып берді.