Акмола облысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері адам ұрлау және бопсалау ісіне күдікті үш адамды қолға түсірді, деп хабарлайды CMN.KZ.
18 желтоқсанда Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға шағым түсіріп, өзіне жасалған қылмыс туралы баяндады. Оның айтуынша, үш адам одан 1 миллион теңге мен Toyota Camry автокөлігін талап етіп, бір тәулік бойы пәтерде күшпен ұстап отырған.
«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп мәлімдеді Акмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов неке үшін қыз ұрлауға қатысты жаза қатаңдатуды ұсынған болатын. Оның айтуынша, мұндай қылмыстар көбінесе ашылмай қалады, себебі қолданыстағы Қылмыстық кодексте олқылықтар бар.