Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарының ұлы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның адвокаттары бірінші сатыдағы сот рұқсат етілмеген дәлелдерді пайдаланды деп, апелляцияға шағым берді, хабарлайды CMN.KZ
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы мамыр айында Нұржан Арынов синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Полиция департаменті басшысының орынбасарының ұлы есірткіні сату мақсатында сақтағанын мойындады, бірақ сот оны ақтады.
Маусым айында Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, істі жаңа қаралымға жіберді. Ал 21 қазанда Нұржан Арынов есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жазамен келіспей, Арынов және оның қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп, сот үкімінің күшін жоюды сұрады, деп хабарлайды Мой Город. Олар апеляцияның себебі ретінде сот рұқсат етілмеген дәлелдерді пайдаланды деп айтты.
Сот үкімнің күшін жоюға негіз жоқ деген шешім қабылдап, оны өзгеріссіз қалдырды.
Үкім заңды күшіне енді.