Таразда 41 жастағы әйел полицияға арыз беріп, 22 жастағы ұлын оны зорлады деп айыптады. Бұл ақпаратты қалалық полиция басқармасы растады, деп хабарлайды CMN.KZ

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді дереу бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап алып, уақытша ұстау изоляторына орналастырды.

Қазіргі уақытта полиция бұл істі жан-жақты және объективті түрде тергеу үшін қажетті шараларын жүргізуде. Заңға сәйкес басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға рұқсат етілмейді.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бұрын сотталған ер адам алты жасар қызды ұрлап, оны зорлады деген күдікке ілінген. Тасқала аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғынынан оның кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Анасының айтуынша, қыз дүкенге оның танысымен бірге шығып, кейін оралмаған.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version