Бюджет қаражатын ысырап ету фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды, деп хабарлайды CMN.KZ
Белгілі болғандай, 2022–2024 жылдар аралығында аудандық мәдениет үйінің басшысы нақты орындалмаған жұмыстар үшін жалақы есептеп отырған.
«Сот аудандық мәдениет үйінің бұрынғы басшысын сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы қолданылды», – деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасында.
Үкім заңды күшіне енді.

