Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қызметтік міндетін атқару кезінде медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды CMN.KZ

Құжатқа берілген қорытындыға сәйкес, өзгерістер Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізіледі және жұмыс барысында медицина қызметкерлерін физикалық күш қолданудан әрі қатыгез қарым-қатынастан қорғауға бағытталған.

Заң жобасы Қылмыстық кодекске медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін жаңа бап енгізуді қарастырады. Жаза қылмыстың ауырлығына қарай айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін белгіленеді.

Сонымен қатар құжатта ішкі істер органдарының өкілеттіктері нақтыланады: Қылмыстық-процестік кодексте осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу құзыреті бекітіледі.

Бастамашылардың айтуынша, заңның мақсаты – жазаны қатаңдату ғана емес, күн сайын жоғары қауіп жағдайында жұмыс істейтін жандарды жүйелі құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version