Теміртау қаласының полициясына 63 жастағы зейнеткер әйел көмек сұрап келді. Қарт әйел өз банк шотынан екі миллион теңгенің жоқ болып кеткенін байқапты. Бар ақшасын жинап, болашаққа сақтап жүргенін тексермек болғанда, зейнеткер әйел бұл қомақты соманың ұшты-күйлі жоқ екенін көреді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Ұрлықтың болғанына он күн өтсе де, полиция күдіктіні жылдам анықтады. Ұрлыққа барған басқа емес, әжейдің туған немересі болып шықты.

Жасөспірім бұл соманың басым бөлігін ойын-сауыққа, қажетсіз дүниелерге жұмсап үлгерген. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version