Алмалы ауданының полиция қызметкерлері Төле би даңғылындағы айырбастау пунктінің жанында тонау жасаған ер адамды ұстады. Ол қала тұрғынынан 13 миллион теңге ұрлаған, деп хабарлайды CMN.KZ
Жедел топтың қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол Алматының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қылмыс жасалған сәтте бейнежазбаларға түскен киімдер, ақшалай қаражат және басқа да заттай айғақтар табылып, тәркіленді.
Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан:
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның осыған ұқсас басқа да деректерге қатысы бар-жоғы тексерілуде».
Бұған дейін Астанада ер адам BMW-ны эвакуатормен ұрлап әкеткен. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметінен белгілі болды.