Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовпен келісімшартты үзді, деп хабаралайды CMN.KZ

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Черчесовпен еңбек шарты екі тараптың өзара келісімі бойынша үзілген. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан толық жаттықтырушылар штабы кетті.

«Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламовичке және оның штабына атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіреді және мансапта табыс тілейді», — делінген хабарламада.

Қазір ҚФФ футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидаттардың тізімін қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында Қазақстан құрамасын басқарған. Оның басшылығымен ұлттық тобы Ұлттар лигасында алты кездесу өткізіп, бір рет тең түсті.

Бұған дейін Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының басшысы атанды.Танымал футболшы, елдің үш дүркін чемпионы Давид Лория жаңа басшыны әлеуметтік желіде құттықтады.


Share.

Leave A Reply

Exit mobile version