Қарағанды – Теміртау тас жолында ЖКО орын алды. Автобус ірі жүк көлігінің кузовқа соғылды. Соққыдан автобус кабинасының оң жағы мыжылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Аймақ полициясының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы қарсаңында сағат 16:30 шамасында жолдың бірінші шақырымында болған, деп хабарлайды eKaraganda.
Апат кезінде автобуста төрт жолаушы болған.
«Апат салдарынан автобустың 26 жасар жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бұ,ан дейін Маңғыстау тас жолында көлік апатта төрт адам қаза тапты. Бейнеу-Сайутес тас жолында Toyota Camry камазбен соқтығысқан. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.