Бейнеу-Сайутес тас жолында Toyota Camry Камазбен соқтығысқан. Оқиға орнында төрт жолаушы қаза тапты. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желіде бүгін ғана пайда болды, деп жазады Lada.kz. Бірақ белгілі болғандай, апат 6 ақпанда болған. Соқтығысу нәтижесінде көлігінің төрт жолаушысы сол жерде көз жұмды. Toyota Camry жүргізушісі жарақатпен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, онда оған медициналық көмек көрсетіледі. КАМАЗ жүргізушісіне жарақаттың болмағанынан дәрігерлердің көмегі қажет боған жоқ.
«Оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК 345 бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру» бойынша іс қозғалды», — деп хабарлады полиция.
Тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленуде.