Елорда әуежайында 21 желтоқсаннан бастап Т2 терминалы мен «Әуежай» LRT станциясы арасындағы өтпелі галереяның құрылысы басталады, деп хабарлайды CMN.KZ
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылғы 30 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланған. Жоба әуежайдың көлік қолжетімділігін жақсартуға және әуе көлігі мен жеңіл рельсті көлік арасындағы ыңғайлы ауысымды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Жұмыстар жүргізілетін кезеңде Т2 терминалы аймағындағы көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді», – деп ескертті әуежай өкілдері.
Негізгі өзгерістер мыналарға қатысты болады:
- жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметінің көліктері енді Т2 терминалының шатыр астымен жүретін болады;
- CIP санатындағы жолаушылар әуежай аумағына қоғамдық көлік бағыты арқылы кіретін болады;
- қызметтік көлік, автобустар, таксилер және жеке автокөліктердің қозғалысы. Олар үшін құрылыс алаңының қоршауына байланысты арнайы кіреберіс ұйымдастырылады.
Әуежайда бұл өзгерістердің уақытша сипатта екенін және құрылыс аяқталғанға дейін ғана қолданылатынын атап өтті.
