Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың тағы бір лауазымға тағайындалғаны бүгін, 2025 жылғы 23 желтоқсанда белгілі болды, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұған дейін ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Енді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі атанды.

Қордың баспасөз қызметінде бұл шешім Үкіметтің 20 желтоқсандағы қаулысына сәйкес қабылданғанын түсіндірді.

«Осылайша директорлар кеңесінің құрамы сегіз адамнан тұрады, олардың төртеуі — тәуелсіз директорлар. Кеңесті Премьер-Министр Олжас Бектенов басқарады», – делінген ресми хабарламада.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version