Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқанымен, 22 желтоқсанға қараған түні қазақстандық мегаполис тұрғындары да жерасты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды CMN.KZ

Сейсмологтар бұл ақпаратты растады.

«2025 жылғы 22 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Ол Алматы қаласында 2 балл шамасында сезілді», – делінген ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстан деректер орталығы хабарламасында.

Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы. Магнитудасы – 5,0. Энергетикалық класы K=11,5.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version