Елордада 29 жастағы ер адам «Водопад» көпірінен секіруге тырысты. Бұл туралы хабарлама жедел қызмет желісіне түсті, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға Коктал көшесіндегі «Водопад» көпірінде болған. Төтенше жағдайлар қызметіне 29 жастағы ер адамның көпір қоршауының артында тұрғаны және суға секіруге ниетті болған туралы хабарлама келді. Оның ауыр эмоционалды күйде екендігі алдын-ала анықталды.
«Әскери қызметші ер адаммен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысқан. Осы сәтте жанынан өтіп бара жатқан тағы бір азаматпен бірлесіп, ер адамды қоршаудың бергі жағына тартып шығарған. Осылайша қауіпті жағдайдың алдын алды», – деді Ұлттық ұланның баспа-сөз қызметі.
Құтқарылған азаматқа шұғыл түрде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол мамандардың бақылауында.
Бұ,ан дейін Астанада осыған ұқсас жағдай болған. Жасөспірім көпірден секіруге тырысты. Кейінірек жасөспірім ата-анасымен ұрысқаны белгілі болды.