«Қайраттың» қорғаушысы Темірлан Анарбеков үзілістен кейін командамен қайтадан жаттығады. Футболшы командамен бірге матчтарға бай қазан айына дайындалуда, деп хабарлайды CMN.KZ 

Осы айда алматылықтардың үш маңызды матчы бар:

  • 17 қазан — «Қызылжарға» қарсы сырттағы ойын;
  • 21 қазан — Чемпиондар Лигасы аясында Кипрдің «Пафосымен» үйдегі матч;
  • 26 қазан — өз алаңында «Астанамен» кездесу.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» — «Ақтөбе» матчы кезінде қақпашы Темірлан Анарбеков 10 минутында жарақат алған. Трансляция жүргізушісі ойыншының жақ сүйегі сынған деп болжады.

Бұған дейін Қазақстанда УЕФА стандарты бойынша үшінші стадион пайда болғаны белгілі болды. Ол Қызылордада ашылды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version