«Архар» көпірінен секірмек болған қызды өтіп бара жатқан адамдар уақытында байқап, патруль қызметкерлерін шақырды. Кейінірек жасөспірім ата-анасымен ұрысқаны белгілі болды, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға «Архар» көпірінде болмақ. Онда өтіп бара жатқан адамдар қоршаудың үстінен көтеріліп, секіріге дайын қызды байқады. Бұл жерге дереу патрульдік полиция жасағы жіберілді.
Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Болат Ыдырысов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Әбдуәлиев бақылауға алды. Бәрін бағалай отырып, олар көліктен кідіріссіз шығып, оны тыныштандыруға тырысып, бірден қызбен сұхбатқа түсті, – деп хабарлайды ҚР ІІМ.
16 жасар қыздың туыстарымен жанжалдасып, эмоционалды күйде көпірден секіруге шешім қабылдағаны белгілі болды. Кейінірек ол ата-анасына берілді, сонымен қатар оған қажетті психологиялық көмек көрсетті.