Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірі маңында болған. Серуендеу кезінде Айткен Омарұлы көмекке шақырған дауысты естіп, мұз астына түсіп кетіп, батып бара жатқан ер адамға дереу көмекке ұмтылған, деп хабарлайды CMN.KZ 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, астаналықтың батыл әрі шұғыл әрекеттерінің арқасында 1963 жылы туған Қазақстан азаматының өмірі сақталып қалды.

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Чингис Ариновтың бұйрығымен Айткен Азамат «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version