Бүгін, 2 қыркүйекте Алматыда екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды CMN.KZ
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 5,4 баллды құрады, ал Алматыда қауіп төндірмейтін әлсіз дүмпулер сезілді. Қиратулар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін жер сілкінісі Талдықорғанда болған. 2025 жылғы 23 мамырда, Астана уақытымен сағат 16:01-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді.