Бүгін, 2025 жылғы 23 мамырда, Астана уақытымен сағат 16:01-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды CMN.KZ
Ресми мәліметтер бойынша, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Қазақстан аумағында — Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде болған.
Қазіргі уақытта халық арасында жер сілкінісінің сезілетіндігі және ықтимал салдары туралы ақпарат нақтылануда. Мамандар жағдайды бақылауды жалғастыруда.
ТЖМ азаматтарды сабырлы болуға, ресми дереккөздердің хабарламаларын қадағалауға және қажет болған жағдайда сақтық шараларын сақтауға шақырады.