Алматыда ұсталған нашақордың кесірінен ЖКО орын алды: қызметтік көлік қарсы жолаққа шығып, басқа көлікке соғылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Оқиға 2025 жылдың 22 мамырында Алмалы ауданында болған. Есірткі заттарының әсерінен ұсталған адам кенеттен көлікті басқаруға араласқан. Ол рульді тартып алды, сол себептен көлік қарсы жолаққа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан.

«Зардап шеккендер жоқ. Қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша барлық қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ұсталған адамға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды»,-деп түсіндірді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары ЖКО-да қаза тапты. 53 жасар полиция полковнигі Бекжан Құсаинов 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version