Үкімет бұқаралық ақпарат құралдары саласын қосылған құн салығынан босатуды ұсынды, деп хабарлайды CMN.KZ
Парламентте ҚҚС-тың жаңа сараланған мөлшерлемелері бар Салық кодексінің жобасы талқыланады.
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіптік кешен салаларын ҚҚС — тан босатып, ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру және фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін 10% мөлшерінде төмендетілген мөлшерлемені белгілеу ұсынылады», – делінген Салық кодексінің ұсынылған редакциясының 465-бабында.
Бұған дейін Қазақстанда валютаны сату және айырбастау ережелері өзгерді. Ұлттық банк басқармасы валютаны реттеу мәселелері бойынша құжаттарында өзгерістерді бекітті. Сондай-ақ есеп беру, ел аумағында шетелдік ақшаны сату және айырбастау ережелеріне қатысты өзгерістер енгізілді.