Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күндерін реттеу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Министрліктің мәліметінше, 5 қаңтардағы жексенбі күнгі демалыс 3 қаңтардағы жұма күніне ауыстырылатын болады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін қатарынан төрт күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар 1-3 қаңтар аралығында үш күн ғана тынығады.

Министрлік бұл шешімнің басты мақсаты – еңбек уақытын тиімді жоспарлап, азаматтарға демалыс үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version