Қыркүйекте белгілі хакерлер Xiaomi, Ubiquiti және Netgear сияқты танымал маркалардың Wi-Fi роутерлерінен осалдықтар тапты. Бұл олқылық арқылы қаскөйлер жеке мәліметтерді, трафикті, тұтынушылардың қолдану тарихын оңай ұрлай алатын дәрежеге жетті, деп хабарлайды CMN.KZ.

Технологиялық әлемде бұл жаңалық – айтарлықтай дүрбелең туғызған жағдай. Хакерлер Wi-Fi-чип арқылы жүйеге еніп, пайдаланушының келісімінсіз-ақ мәліметтерге қол жеткізе алады. «Известия» басылымының жазуынша, мұндай жағдай – жай ғана бағдарламалық осалдық емес, бұл – құрылғының өзінде жатқан аппараттық ақау. Бұл жағдай қауіптің күрделілігін арттырады, себебі мұндай шабуылдың алдын алу қиын.

Түптеп келгенде, мәселенің түйіні out-of-bounds write деп аталатын қателікте жатыр. Бұл қателік құрылғыға зиянды код енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай қателік пайда болғанда, құрылғының жадысында артық деректер жазылып, сол арқылы қаскөйлер жеке мәліметтерге қол жеткізе алады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қауіптің ауқымы өте кең. Смартфоннан бастап, Wi-Fi-ға қосылған тоңазытқышқа дейін қауіп астында тұр. Қаскөйлер зиянды кодты енгізу арқылы тұрмыстық техникаға толық бақылау орнатып, оны өз қалауларына қарай қолдана алады.

Жүйеге кіріп кеткен жағдайда, барлық «ақылды» құрылғылардың басқаруынан айрылуыңыз ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, мұндай олқылық көптің бас ауруына айналуы мүмкін, өйткені жеке ақпараттар, тіпті үйдегі барлық «ақылды» құрылғылар бақылаудан шығуы ықтимал. Қауіптің осындай кең ауқымда болуы хакерлердің де белсенділігін арттырып отыр. Халықты осыған сәйкес сақтық шараларын күшейтуге шақырған мамандар, қарапайым тұтынушылар үшін Wi-Fi роутерлерді жаңарту және олардың қауіпсіздігін қаматамасыз етуді негізгі қадам ретінде ұсынады.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version