Қазақстанда қазіргі экономикалық саясаты кезінде теңгенің белгіленген бағамына қайта оралу қарастырылмайды. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов мұның экономикаға әсерін түсіндіріп айтты, деп хабаралайды CMN.KZ

Қаржы реттеушісі басшысының айтуынша, теңгенің басқарылатын бағамы елдің нарықтық экономикасының қағидаттарына қайшы келеді.

«Біз белгіленген бағам бойынша шараларды қарастырмаймыз. Біз кез-келген экономист немесе қаржыгердің өз пікірі болуы мүмкідігін жоққа шығармаймыз. Біз бұл салада монополист емеспіз, бірақ біздің көзқарасымыз бойынша бұл бұрыс тәсіл. Біздің экономикамыздың өнеркәсіптік өсуін қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді экономикалық теріс салдарға әкеп соқтыратын үлкен қате», — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, Қазақстанның ашық және нарықтық экономикасы үшін теңгенің құбылмалы бағамы үйлесімсіздікті болдырмаудың жалғыз жолы болып қала береді.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version