Жезқазғанда балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды CMN.KZ
Ұлытау облысының прокуратурасы сот талқылауы барысында тәрбиеші кінәсін мойындамағанын хабарлады. Бірақ оның оқиғаға қатысы бар екенін ұсынылған дәлелдемелермен растаған. Оның ішінде, балабақшада орнатылған бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар.
«Тәрбиеші 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға сотталды. Сондай – ақ, ол үш жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырауда полиция балабақша тәрбиешісіне қылмыстық іс қозғады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнебаянда Атырау қаласындағы «Зейнеп Әмина» жекеменшік балабақшасының жұмысшысы баланы ұрғаның көрінді.