Әлеуметтік желіде трансгендер блогер Амилайдың үш жігітпен жанжалдасып, төбелескен сәті түсірілген видео тарады. Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Тараған видеода Амилай мен жігіттердің арасындағы сөзталас төбелеске ұласқанын көруге болады. Оқиғадан кейін блогер өз әлеуметтік желілерінде бұл жағдай туралы ешқандай пікір қалдырмады.

Алматы полициясы бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Құқық бұзушылықтың мән-жайы мен орын алған жері анықталуда. ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», — деді департамент өкілдері.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version