Екі президенттің әңгімесі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының аясында өтті, деп хабарлайды CMN.KZ

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапары кезінде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізген болатын.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастық перспективаларына баса назар аударды.

«Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы өзара іс – қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті», – делінген ресми хабарламада.

Президенттер халықаралық жағдайға қатысты өзекті мәселелерді де талқылады.

Әңгімеден кейін Ақ үй басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарына арналған әлеуметтік желілерде пост жариялап, олардың әңгімесін тамаша деп атады.

«Мен Қазақстанның құрметті президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен тамаша әңгімені аяқтадым. Олар американдық локомотивтер мен теміржол жабдықтары үшін тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Біз көптеген жылдар бойы «жалған экологтардың» шабуылына ұшыраған АҚШ – тағы теміржол саласын қолдауымыз керек», – деп атап өтті Трамп.

Бұған дейін америкалық көшбасшы Дональд Трамп Қазақстан басшысына өз бағасын берді. Ол президент Тоқаевтың жақсы адам екенін атап өтті.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version