Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды CMN.KZ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Чердабаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа марапаттар табыс еткен болатын.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version