ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінде атап өткендей, бұл су елдің оңтүстік аймақтарынан келген фермерлерге суару маусымын қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды CMN.KZ

Министрлігінің басшысы Нуржан Нұржигитов Самарқандта Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген әріптестерімен қосымша су көлемі туралы уағдаласты. Сол жерде Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 89 отырысы өтті.

«Достық» мемлекетаралық каналы бойынша суару кезеңінде Қазақстан 909 млн текше метр су алады. Солтүстік Арал теңізіне 975 млн текше метр су жіберу жоспарлануда.


«Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда, оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды. Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасынан жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Былтыр суды тиімді бөлу, су үнемдеу технологияларын енгізу және көрші елдермен уақтылы келіссөз жүргізу арқылы біз шаруа қожалықтарының суармалы суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алдық. Биыл да осыған қол жеткізуге ниеттіміз», – деп Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атап өтті.

Өткен жылдың қазан айынан бастап осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді. Бұл бұрын жоспарланғаннан 1,7 миллиард текше метрге артық.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version