Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әділбек Төлебаев сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады CMN.KZ.

Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қанат Сүлейменовтың хабарлауынша, ауданаралық сот шешімімен Төлебаевқа мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынған, сонымен қатар 42 миллион теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

Бұл іс бойынша тағы үш шенеунік жауапқа тартылды. Департаменттің кадр бөлімінің басшысы Гүлмира Тұрсынбаева 21 миллион теңге айыппұл алса, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Махатова 9 миллион теңге айыппұлмен жазаланды. Ал пара беруші Сандуғаш Әшірбаева 12 миллион теңге айыппұл төлеуге міндетті болды.

Олар департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге көлемінде пара алып, делдалдық жасап, пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version