ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына түсу күнтізбесін жариялады. Қазақстанның жоғары оқу орындары құжаттарды 20 маусымнан бастап қабылдай бастайды, деп хабарлайды CMN.KZ

Негізгі ҰБТ 7 шілдеде аяқталады. Ал нәтижелерді алған барлық адамдар оқуға түсу үшін құжаттарды тапсыра алады: жоғары оқу орындар оларды 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылдайды.

Сонымен қатар, Ғылым министрлігінде емтихандар мен мемлекеттік гранттарға өтінімдерді қабылдау күндері нақтыланды:

  • «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
  • Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version