Бұл туралы брифингте энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, деп хабарлайды CMN.KZ

2024 жылы Қазақстанда 540 мың тонна мұнай-газ-химия өнімі шығарылды. Биылғы жылы көрсеткішті 10 мың тоннаға ұлғайту жоспарлануда.

«2024 жылы қазан айында энергетика министрлігі мұнай – газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеп, бекітті. Ірі жобаларды іске асыру, инфрақұрылым салу және саланы ынталандыру шараларын пысықтау жоспарлануда. 2024 жылы желтоқсанында мұнай-газ-химия саласына метанол өндіру бойынша инвестициялар туралы алғашқы келісімді жасасуды мақұлдады», – деді энергетика министрі.

Алмасадам Сатқалиев айтқандай, негізгі жоба Атырау облысындағы полиэтилен өндіретін зауыт болуы тиіс. Өндірістің жылдық қуаттылығы 1250 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ, мемлекет газ бөлу кешенінің жобасы және мотор майларын міндетті таңбалау бойынша қаржылық мәселені пысықтауда. Соңғысы нарықты контрафактілік өнімдерден қорғау үшін қажет. Сондай-ақ, «Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы» бейіндік заң әзірленуде.

Бұған дейін Қазақстан 2024 жылы ОПЕК-ке мұнайдың артық өндірілуін өтейтіні белгілі болды. Еліміз ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 58 отырысы аясында ниетін растады.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version