Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушылардан сабақтар 2 қыркүйекте басталады, ал сабақтың соңғы күні 25 мамырда болады, деп хабарлайды CMN.KZ

Білім күніне арналған салтанатты жиынды өткізу мектеп педагогикалық кеңестерінің қарауында қалады.

Күзгі тоқсан сегіз аптаға созылады, содан кейін оқушылар 27 қазаннан 2 қарашаға дейін бір апталық демалады. Қысқы демалыс 29 желтоқсаннан басталып, 7 қаңтарға дейін жалғасады. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 9-15 ақпан аралығында жоспарланған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасын құрайды, ал көктемгі демалыс 19-29 наурыз аралығында жалғасады. Оқу жылының соңғы кезеңі – төртінші тоқсан сегіз аптаға созылады және 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version