Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялағандай, байқау 2025 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласының «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Байқау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтеді. Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 имам қатысады.

«Қатысушылар діни білім деңгейі, уағыз айту шеберлігі, жамағатпен жұмыс жүргізу дағдылары, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау бағыттары бойынша сайысқа түседі», – делінген хабарламасында.

Шараның мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту.

Бұған дейін Қазақстан мұсылман діни басқармасы 2025 жылы пітір садақа сомасын атады. Естеріңізге сала кетейік, қасиетті Рамазан айы 2026 жылдың 18 ақпанында басталады. Қазақстандағы пітір-садақаның мөлшері 2025 жылы ұнның екі килограмм орташа бағасына сүйене отырып, 655 теңгені құрайды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version