Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиді қабылдады, деп хабарлайды CMN.KZ

Агенттік басшысы елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда:

  • сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген;
  • 257 лауазымды тұлға әшкереленді, олардың 141-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
  • сотқа 366 қылмыстық іс жіберілді;
  • мемлекет пайдасына 15 млрд теңге өтелген;
  • 2022 жылдан бастап жалпы сомасы 1,13 трлн теңге болатын активтер қайтарылған;
  • мемлекеттік сатып алу мен қаржының мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу барысында 21,2 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Сондай-ақ, Жұмағали Тоқаевқа 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Transparency international-да 40 ұпай жинап, 180 елдің ішінде 88-ші орынға ие болғандығы туралы хабарлады.

Президент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға одан әрі қарсы іс-қимыл, тұрақты сыбайлас жемқорлық схемаларының жолын кесу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version