Қарағанды облысында дивизион командирі болып қызмет атқаратын әскери майордың көлігінен ірі көлемде есірткі заттары табылды деген ақпарат желіде тарап кетті, деп жазады CMN.KZ.

Полиция департаменті мәлімдегендей, оқиға 10 қарашада «Балқаш-Сарышаған» тас жолында болған. Патрульдік полиция батальоны Geely Coolray көлігін тоқтатты, себебі көлік мемлекеттік нөмірсіз жүріп бара жатқан. Рөлде 31 жастағы жүргізуші болған.

Көліктің жүксалғышынан ақ түсті ұнтақ салынған 18 қап табылып, оның жалпы салмағы шамамен 12 килограмды құраған. Тергеу тобы шақырылып, заттың есірткі екені анықталды.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, күдікті әскери бөлімнің майоры және дивизион командирі болып шыққан.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version